ШҚО-да бір адам коронавирустан жазылды

431
көрілім
Шартты фотосурет

Облыста өткен тәулікте бір адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі www.coronavirus.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, сауығып шыққан азаматтардың 5-еуі Нұр-Сұлтан қаласында, 9-ы Алматы қаласы, тағы 2-еуі Алматы облысында тұрады.

– Індетті жеңгендердің 1-еуі Шығыс Қазақстан облысының, 3-еуі Қарағандының, 1-еуі Қостанай облысының, 1-еуі Қызылорда аймағының, 2-еуі Маңғыстау облысының тұрғындары. Павлодарлық 2, Солтүстік Қазақстан облысынан 1 адам емделіп шықты. Жалпы, Қазақстан бойынша 1 290 785 тұрғын науқастан айықты, – делінген хабарламада.