ШҚО-да бірнеше балықшы суға кетті

300
көрілім

Ұлан және Көкпекті аудандарында суға кеткен балықшылардың денесі шығарылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

7 қазан күні Ұлан ауданы Жаңа Қанай ауылының маңындағы өзеннен 1958 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Болжам бойынша, ол балық аулау кезінде байқаусызда қайығынан құлап кеткен.

Дәл сол күні Көкпекті ауданындағы Бұқтырма су қоймасында 36 және 38 жастағы екі адам суға кеткен. 7 қазан күні сағат 17:50-де олардың мүрдесі су бетіне шықты.

– Аталған балықшылар арнайы құралдарсыз болды. Бүгінде көбі резина қайықтарды қолданады. Бірақ бұл қайықтар ерекше күтімді қажет ететінін ұмытпау керек. Онымен қоса суға жүзіп, малтай білгенде ғана қайықта отырып балық аулауға болады, – дейді ТЖД мамандары.