ШҚО-да биылғы жылы 5 мектеп жабылды

387
көрілім

Облыс бойынша бірнеше мектеп оқушы санының аздығына байланысты жабылып қалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділованың айтуынша, аймақ бойынша бес мектеп өз жұмысын тоқтатты. Олар Катонқарағай ауданындағы 3 және Жарма ауданындағы 2 мектеп.
– Мектептердің басты жабылу себебінің бірі оқушы санының аздығы. Алыс ауыл-аймақтардағы мектептерде бала саны жеткіліксіз. Жабылған барлық мектептерде мектеп табалдырығын аттайтын яғни бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндер жоқ. Сол себепті осындай жағдай туындауда, – деді Сайрангүл Ахметкәрімқызы.
Айта кетейік, облыс мектептерінде жаңа оқу жылында 193 мың бала білім алады. Оның ішінде бірінші сыныпқа 21 мыңнан астам бүлдіршін қабылданбақ.