ШҚО-да биылғы жылы полиция қызметкерлері арасында 18 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген

321
көрілім

Өткен жылдың тоғыз айында бұл көрсеткіш бойынша 24 оқиға тіркелді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл туралы Полиция департаменті басшысының орынбасары Қайрат Букпенов мәлімдеді. Оның сөзінше, тәртіп пен заңды күшейту кешенді шараларының нәтижесінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметкерлер саны төмендеуде.

– Бүгінгі таңда қолға ұстайтын мобильді тасымалды радарларды қолдануға, көлік құралдарын автопатрульдеу әдісімен тоқтатуға тыйым салынды. Одан бөлек, сыртқы қызмет қызметкерлері бейнетіркегішсіз байланысқа шығуға жол берілмейді, – деді басқарма басшысының орынбасары Анатолий Мурзыканов.

Сонымен қатар, мұндай жұмыстар мемлекеттік қызмет көрсету саласында да көптеп атқарылуда.