ШҚО-да боран соғады

269
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республика аумағының басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Мамандар болжамынша, еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады. Оңтүстікте және солтүстікте жел күшейіп, жылдамдығы 30 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. ШҚО-ның бірқатар аудандарында жел екпіні 23 м/с жетеді, сондай-ақ жаяу боран соғуы ықтимал.