ШҚО-да браконьерден жол талғамайтын көлік пен атыс қаруы тәркіленді

59
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу шарасы барысында заңсыз аңға шыққан Глубокое ауданының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылындағы «Маралиха» шатқалында 38 жастағы ер адам 2019 жылдың 4 қазан күні сағат 21.30 шамасында арнайы жылжымалы жарықтандыру құралы мен автокөлік шамын жағып елік атқан. Тәртіп сақшылары оны қолға түсіргенде еліктің тұтас етін, 12 калибрлі Иж-27 қосауызды тегіс ұңғылы мылтықты, оқ-дәріні және «Mitsubishi Montero Sport» маркалы көлікті тәркіледі. Анықталғандай, ер адамның аң аулауға рұқсаты және елік атуға лицензиясы болмаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы, 1-бөлігі (заңсыз аң аулау) бойынша қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шемонаиха аудандық сотының үкімімен браконьерге 1 жылға атыс қаруын сақтауға және аң аулауға тыйым салынды. Сондай-ақ ол 202 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.