ШҚО-да бүгін бұршақ жаууы мүмкін

385
көрілім

14 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жауын-шашынсыз ауа райы республиканың батысында және оңтүстік-батыстанда болжанады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола облысында дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болжанады.

Атырау облысында желдің күші 15-20 м/с артады. Күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Маңғыстау, күндіз Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады. Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады, дауыл тұрып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жауады. Сондай-ақ күндіз Маңғыстау облысының жекелеген аумақтарында қатты ыстық күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.