ШҚО-да бұрқасын соғады

310
көрілім

Ел аумағында құбылмалы ауа райы сақталып, бірқатар өңірлерде қар мен жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Республиканың тек батысы мен оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.

Мамандар мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғып, жел екпіні15-20 м/с артады.