ШҚО-да бұрқасын соғады

306
көрілім

Бүгін еліміздің шығыс бөлігінің ауа-райына циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық ауа ағындары әсер еткендіктен бұрқасын болып, қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ал батыс өңірлеріне солтүстік-батыс антициклоны әсерін тигізеді, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ.

Синоптиктер мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болуы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, Павлодар облысында тұман болады.