ШҚО-да бұрқасын соғады

262
көрілім
Шартты фотосурет

Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын мен желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктер Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын соғады деп болжауда.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, тұман түсуі күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.