ШҚО-да бұрқасын соғады

375
көрілім
Шартты фотосурет

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, бұрқасын соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғып, облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ болады деп болжануда. Облыстың солтүстігінде тұман түсіп, түнде оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал.