Республика аумағының басым бөлігіне Атлант циклоны әсер ететіндіктен бүгін бірқатар өңірлерде қар, оңтүстікте кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік пен оңтүстік батыста көктайғақ болуы ықтимал.
Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.