ШҚО-да бұрқасын соғады

332
көрілім
Шартты фотосурет

Республика аумағы Салехард ауданынан келетін антициклонның ықпалында болғандықтан, кейбір өңірлерде жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
 Тек еліміздің батыс аумағына Қара теңіз ауданынан келетін циклон өз әсерін тигізеді. Осыған байланысты батыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, жаяу бұрқасын көтеріледі.
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Синоптиктер ШҚО-да – жаяу бұрқасын соғады деп болжауда.