ШҚО-да бұрқасын соғады

685
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін ел аумағының басым бөлігіне циклон және атмосфералық фронтальды ағын ықпал етеді. Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн райы ашық болады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Синоптиктер ШҚО-ның кей жерлерінде бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді деп болжауда.