ШҚО-да бұрқасын соғуы күтіледі

298
көрілім
Шартты фотосурет

Атлантикалық циклон еліміздің басым бөлігіне әсер етуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді, оңтүстікте - шаңды дауыл соғады деп күтіледі.
Ақмола облысында бұрқасын мен көктайғақ болады, жел қарқыны - 15-20 м/с, солтүстікте, шығыста екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында, көктайғақ болады деп болжануда.
 Шығыс Қазақстан облысының күндіз солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі, солтүстігінде, батысында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.