ШҚО-да бұрқасын жел соғады

313
көрілім

Қала тұрғындарына жақын күндері қаладан ұзап шықпауға кеңес беріледі, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 19-20 ақпан күндері қалың қар жауып, ақтүтек боран мен бұрқасын жел күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына шамамен 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін, - деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті. - Облыс тұрғындарына ұзақ жолға шықпауға кеңес береміз.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 3, облыстық маңызы бар 4 тасжол қар құрсауында қалған.