ШҚО-да бұршақ күтіледі

298
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республиканың барлық аумағында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, солтүстікте және шығыста тұман түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды, түнде облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 25 м/с күшейеді.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с артып, өңірдің батысында, солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының оңүстік-батысында және таулы аудандарында шаңды дауылмен бірге жел күшейеді.

Күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарында найзағай ойнап, Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жетеді деп болжауда.