ШҚО-да бұршақ жаууы күтіледі

333
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс және орталық аумақтарында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей аймақтарда нөсер жауын, шығыста бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың өзге аумақтарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

ШҚО-да бұршақ жаууы күтіледі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы сақталады.