ШҚО-да бұршақ жаууы күтіледі

365
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, солтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының басым бөлігінде желдің 15-20, күндіз екпіні 23-28, солтүстік-шығыста кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күшеюі, солтүстігі, батысы мен шығысында бұршақ, дауыл соғады.
Қарағанды облысында желдің түнде солтүстігі мен батысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28, солтүстігінде 30 м/с және одан аса күшеюі күтіледі.
Павлодар облысының басым бөлігінде күндіз желдің 15-20, батысында екпіні 23 м/с күшеюі, түнде батысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында бұршақ жауып, желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.