ШҚО-да бұршақ жаууы күтіледі

447
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр, оңтүстік-шығыстаың кей аудандарында нөсер жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, кей жерлерде дауыл соғып, жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі күтіледі.

Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжануда.

Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жауып, жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.