ШҚО-да бұршақ жаууы мүмкін

301
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республиканың шығыс бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің батыс аумағында антициклон әсерінен кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыста және солтүстік шығыста ұйтқып жел тұрады деп күтілуде.

Павлодар облысында күндіз кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, ал күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

ШҚО-ның кей жерлерінде күн күркіреп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейіп бұршақ жаууы ықтимал.