ШҚО-да бұршақ жаууы мүмкін

346
көрілім
Шартты фотосурет

Ел көлемінде жел екпіні күшейіп, бұршақ жаууы күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз, шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді деп болжауда.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде кей өңірлерде тұман түсіп, желдің ұйтқуы 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

ШҚО-ның бірқатар өңірлерінде жел екпіні 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.ф