ШҚО-да былтыр жемқорлыққа барғандар саны артқан

282
көрілім

Мұны облыс орталығында өткен жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлға алдымен арнайы мониторингтік топ пен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық-кеңсесі өкілдері бірлесе атқарған тиімді шараларға тоқталды.

– Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай порталдарында бюджетті бақылауға алу бағдарламалары көрсетілген. Сол жерде қаржыны жоспарлау және оны жұмсауды бақылауға алып, Департамент басшылығы жүйелі жұмыстар атқарған-ды. Соның нәтижесінде 1 млрд теңгеден астам қаржы үнемделді. Ал қылмыстық статистикаға сүйенсек, былтыр жемқорлыққа қатысты 129 аса ауыр қылмыс тіркелді. Бұл 2019-шы жылмен салыстырғанда тоғыз қылмысқа көбейді деген сөз, – деді Жігер Байділдин.