Аймақта алдағы бірнеше күнде сел қаупін тудыратын қатты жауын жаууы мүмкін, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Тамыз айының басы шығысқазақстандықтар үшін жайлы болған еді. Алайда жуық күндері сел қаупін тудыратын қатты жауын жаууы мүмкін.
– 15-18 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысындағы таулардың өзен-көлдерінің су деңгейі көтерілуі мүмкін, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.