ШҚО-да демалыс күндері қар жауып, боран соғуы мүмкін

37
көрілім

Шығысқазақстандықтарға 9-11 қарашада алыс сапарға шығудан сақтанған жөн, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– «Қазгидромет» облыстық филиалының ақпараты бойынша 9-11 қараша күндері ШҚО аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, қар жаууы мүмкін. Таулы аудандарда ауа райының құбылмалылығы әсіресе байқалмақ. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болады, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Осыған байланысты құтқарушылар елді мекендерден алыс жолға шығуды жоспарлағандарға жолдардағы шектеулер туралы хабарламаларды үнемі қадағалауға кеңес береді.

Республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы 26-28-08 (Қазақавтожол) нөміріне, облыстық маңызы бар жолдар бойынша 57-42-52 (ОблШығысЖол) нөміріне хабарласып білуге болады.