ШҚО-да Денис Улановты қарсы алды

381
көрілім

Бүгін Өскеменге ауыр атлетикадан Ұлыбританияда өткен British International Open халықаралық турнирінің жеңімпазы Денис Уланов келді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО спорттың жазғы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің тәрбиеленушісі Ковентри шаһарында өткен додада 81 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен болатын. Бұл жол жерлесіміз қоссайыс бойынша 325 келіні (145+180) еңсеріп, сайыстың алтын медалін жеңіп алды. Жүлдегерді туған жерінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков қарсы алып, жеңісімен құттықтады.

 

Алтай қаласының тумасы бұл жетістікке бапкері Александр Девяткинмен бірлесе жеткенін айта кеткен орынды.

Әділхан ЕСІМХАНОВ