ШҚО-да дәрі-дәрмек сатуды шектеу мәселесі шиеленісіп тұр

255
көрілім

Біздің өңірдегі денсаулығы дімкәс адамдарға Денсаулық сақтау министрлігінің рецепсіз босатылатын дәрі-дәрмекті сатуға тыйым салу жөніндегі бұйрығының кесірі едәуір тиіп тұрғандай. Осыны назарға алсақ, «елімізде жекеменшік дәріханалар қала ма?» деген сауал туындайды. Шенеуніктердің мәселені шешеміз деген қандай нұсқалары бүгінгі күні қарастылып отыр, бұл жағын Бұқара.кз сайтының тілшісі зерттеп көрді.

Бұралаңы көп қамқорлық

– Өз бетімен емделудің зардаптары дәрігерге дер кезінде қаралмау салдарынан болып жатады. Одан қалса, пайдаланған дәрі-дәрмектің жанама әсері, улану, тәуелділік сияқты әрекеттер сырқаттың асқынуына себеп, – деген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өнімдер мен қызметтер сапасын бақылау және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова дауыл алдындағыдай дабыл қағуда.

Десе де іс жүзінде науқастар дер кезінде ем қабылдай алмай, жағдай ушығып кеткен сәттерде ғана жоғары жақтың қамқорлығы қолға алына бастайды.

– Қазіргі таңда мемлекет барлық тегін дәрі-дәрмек препараттары мен есірткілерді «СК-Фармация» арқылы қамтамасыз етіп отыр және олар емханалармен келістіре отырып, дәріхана пункттерінде беріледі, – дейді «Асфарм» ЖШС-нің директоры Зәуре Көшербаева сараптама жасай отырып. – Соған қарамастан дәрі-дәрмек өнімдерінің діттеген жеріне дер кезінде жеткізілетіні маңызды. «Жалғыздың үні шықпас» демекші, жалғыз дестрибьютор жүрсе бірде тендер өтпей қалады, біресе қажетті препараттар емханаларға дәл уақытында жеткізілмей жатады. Мәселен, осы күнге дейін тегін дәрі-дәрмектер әкелінбеген болса, науқас қайда барып қаралмақ? Амал жоқ, ақылы түрде берілетін дәріханаларға жүгінеді. Ал қазір қалай екен?..

Мемлекет тарапынан жасалатын «қамқорлықтың» осындай түрін Сол жақ жағалауда тұратын Нарымбек жеген жігіт көрген екен. Бірнеше жылдың жүзі болды, жүрек аритмиясынан өзіне тиесілі тегін дәріні ала алмай дал. Мәлім болғандай, жалғызбасты дестрибьютор дәріхана пункттеріне жеткізбеген. Кейіпкер оның алдында керек препарттарын жекеменшік дәріханалардан алып келген екен. Амал нешік, Нарымбекте енді ондай мүмкіндік болмай тұр. Қиыны сол, қажетті дәрісін тауып, соны алайын десе, емханада отырғандар ақылы негізде алу мүмкіндігін жоққа шығарып, бас тартқан.

– Ақ халаттылар былай дейді: «Сіз дәріні сатып алып, бізге түбіртегін әкеліп беріңіз. Бірақ жекеменшік дәріханалардың өз бағасы бар. Ал бізде оларды беретін қаражат жоқ», деп Николай мұңын шақты. – Сонда не, оларға науқас өліп бара жатса да бәрібір ме?

Шенеуніктердің құлшынысы тағы бір қауіпке алып келе ме дегенде зәре жоқ. Болып жатқан жағдайлар еліміздің фармацевтика саласына айтарлықтай кесірін тигізуі мүмкін.

– Фармацевт мамандар сатылған препараттар санына қарай жалақы алады, – дейді Зәуре Көшербаева жұмыс барысын түсіндіріп. – Бүгін табыс түспеді. Клиент бар, тауар бар, есесіне рецепт болмай тұр. Бірақ кәсіпкер ақшаны қалай табамын деп бас ауыртпайды. Өзінің кәсібін бұрып, басқа бір істің етегіне жармасып кете береді. Науқасқа тиер соққы да осы жерден болғалы тұр. Егер жекеменшік дәріханалар қызметін тоқтатса, онда мемлекет сырқат жандарды ақылы негізде қалай қамтамасыз етпек? Қандай жағдай болмасын, біз жекеменшік кәсіптің қызығушылықтарын қолдамаймыз. Дәріхана желісінің құлдырауы қайсымызға болмасын оңай түспейтіні хақ. Денсаулық сақтау министрлігінің елді дүрліктірген бұйрық шыққанға дейін әрбір өскемендік тұрғын тәулік бойы жұмыс істеп тұратын дәріханаларға кіріп, керегін ала берер еді.

Жан сақтап үлгеріңіздер!

Назгүл есімді әйел үш жастағы ұлы ауырып қалғанда мамандар жазып берген дәріні сатып аламын деп онға тарта дәріхананың табалдырығын тоздырған. Бір өкініштісі, барлық жер сұрағанын тауып беруден бас тартыпты. Фармацевтер дәрілердің тізімі дұрыс берілмеген дегенді алға тартумен болған көрінеді. Амалы қалмаған әйел ақ халаттылардың алдына тағы бір мәрте келіп, қажетті препараттарды сатып алу неліктен осындай әбігерге салады деген сұраққа жауап алмақ болады.

– Дәрігер жазылған тізімге көз жүгіртіп, «Бұл жерде қандай қателіктің кеткенін түсіне алар емеспін!» – деп міз бақпайды. Мен дереу үйіме келіп, бір қателіктің кеткеніне көз жеткізу үшін ғаламторға үңілдім. Сөйтсе, әлгі дәрігер тізімдегі қабылдауға тиісті заттардың дозасын айтқан екен. Ол басқа да құрам бөліктерін айтуы керек пе еді, оны білмедім. Ол жағы аса өзекті де емес. Маңыздысы сол, провизорлар дәл осы рецепті қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартты.

Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Владимир Коробкиннің айтуынша, науқастар сияқты дәрігерлер де кей жағдайда зардап шегуші болып көрінеді.

– Неге десеңіздер, дәрі жазып беру – дәрігерлер үшін аса жауапты іс, – дейді ол. – Әу баста екі жүз дәрі атауы болса, аз уақыттан соң олардың саны жеті мыңға дейін жетеді. Міне, дәрігерлерге салмақ түскеннің көкесі сонда болады. Келген сырқат жандар «мен жай рецепт сұрау үшін келдім» дейді де кезекте тұрып шу шығарады. Дәрігер деген келген науқасты мұқият қарап, анамнезін жинап, оны арнайы құжатқа жазуы тиіс қой. Содан барып қаралушыға қажетті дәрілер тізімін жазып береді. Мұның өзі кемі он минуттай уақыт.

Жоғарыда жария болған жайттарды ескерсек, сәйкес келмейтін дәрілер тізімін жазып берген ақ халаттылар қатаң жазалануы мүмкін. Айына 102-139 мың теңге жалақы алатын дәрігерлер үшін 70 АЕК (176 750 теңге) әкімшілік айыппұл салынса қандай сезімде болар еді? Осындай жаңалықты құлақтары шалып қалса күйлері не болмақ? Онымен қоса, мұндай жазадан соң өзі тапшы дәрігерлер жаппай мамандықтан кетіп жүрмей ме?

Денсаулық сақтау ма, әлде құрту ма?

Осындай құлшыныспен жасалған тұрғындар денсаулығына деген қамқорлық әлеуметтік желілерде айтарлықтай резонанс тудырған-ды.

«Қасқыр атаулыны – орман санитары десек, Денсаулық сақтау жүйесі де дені сау ұлт қалыптастыру үшін әлсіз әрі дімкәс жандардан құтылуды жөн көреді!» – деп жазған екен Гүлім Айтжанова.

«Қазір бас қатыратын біршама мәселелер бар, – деп сараптайды Жазира Қуанышқызы. – Емханалардағы бітпейтін кезектер. Дәрі-дәрмек жазып берудегі қиындықтар. Қала берді тек қажет жағдайда тұтынуға беріліп, мерзімі өткен препараттарды қабылдау салдарынан улану сияқты келеңсіз жәйттердің болуы. Сондай-ақ контрафактілік тауарларды жеке тұлғалардан рецептсіз алып, төмен бағамен сатуды жандандыру да кең етек алған».

«Енді жасанды түсік жасату әрекеттері көбейеді, – деп алаңдаулы Айгүл Жандарбекова. – Контрацептивтер де тек босатылатын рецепт айналасында болмақ. Дәрігер маманның қабылдауына жазылмайынша, бала көтертпейтін препарат қабылдап үлгере алмайсың. Жалпы, қандай жағдайда адам денсаулығына зиян көбірек келеді: дәрі ішу кезінде немқұрайлылық таныту ма, әлде қайда болса сонда барып, түсік жасатудан ба?

Виктор Гора есімді қолданушы «денсаулық сақтаудың» ұсақталған жүйесі мәнісін ашатын дәлме-дәл неологизмді тұжырымға келтіріп отыр. Расымен де, шенеуніктердің қағаз жүзінде мінсіз көрінетін бастамалары дәрігерлер мен науқастар үшін «жыры» көп мәселеге айналады. Денсаулық сақтау министрлігі өздері келтірген келеңсіздіктің шешімін табу үшін жұмыс инфрақұрылымының жүйесін қамтамасыз етпей-ақ бір төңкеріс жасап отыр.

Тығырықтан қалай шығуға болады?

Дәрігер мамандар науқас жанның құқығын аттап өтпей, қойылған қатаң талаптарды сақтау мақсатында оңтайлы жолдарды іздестіруде.

– Бірнеше жылдың жүзі болды, бас маманның қарауы қажет болмаса, керекті препараттарды жазып беру қызметін медбикелер атқара береді, – деп жағдайдың мәнісін түсіндірді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллақызы. – Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда сырқаттар легі медбике мен дәрігер қабылдауына келу мақсатына қарай бөлінеді.

Мұндай шешім қаншалықты қолдау табатындығын кесіп айту қиын. Өйткені мұндай жағдайда медбике кезек күтіп, есіктің ар жағындағы науқастарға дәрілер тізімін жазып беруі тиіс. Мұның бәрі жай ғана иыққа түскен жүктеме емес, барлығының бойынан табыла бермейтін жауапкершілікті талап етеді. Бұл жерде тағы да қисынсыз ой сап ете қалады. Науқас өзінің денсаулық жағдайына қарай қан талдауын тапсырмай-ақ жолдама алса, онда мұншама әбігерге салынудың қажеті қанша?

– Бәлкім, препарат жазып берудің қосымша нүктелерін ұйымдастырып көреміз, – деп пайымын жеткізді Алтай қаласындағы Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Владимир Коробкин. – Алайда дәрігерге дейінгі қабылдаулар, фельдшерлік және науқастарды қолдау қызметі бұл бастамаға қатыса ма, жоқ па белгісіз.

– Сырқаттар санын азайту үшін дәрілер тізімін үш айға жазып беру қарастырылып отыр, – деп есептейді «Асфарм» ЖШС директоры. – Емханалар мен жедел жәрдемге артылар жүк салмағын азайту үшін дәрілермен қамтамасыз ететін ақпараттық жүйемен, яғни электронды түрде барлық рецептті жазып берген жөн. Науқас адам дәріхана табалдырығын аттаған соң фармацевт те компьютердегі арнайы бағдарламасын ашады. Бұдан соң науқастың ЖСН-і арқылы препараттар тізімі тексеріліп, тиісті дәрі-дәрмегі берілмек. Айта кетейік, бұл үшін аталмыш базаға барлық сырқат адамдардың тізімін енгізіп, дәріханаларды тегіс жабдықтап, ғаламтормен қамтамасыз еткен ләзім.

Одан бөлек, «Жедел жәрдем» бөлімшесінің шақыртуымен келетін ақ халаттыларды препараттар жазып беру кезінде құқықпен бөліп қойған жөн. Осындай мүмкіндікке станционардағы мамандар да ие болса құба-құп. Әзірге мұндай мүмкіндікті шенеуніктер тек ауызша түрде беріп отыр.

– Біздегі Денсаулық сақтау министрлігінде бәрі де керісінше жүзеге асырылады, – дейді Зәуре Көшербаева. – Ондағы қызметіне кіріскен кадрлар легі жеткілікті деңгейде білікті деуге ауыз бармайды. Қозғалып отырған мәселе темекі өнімдері жайлы емес қой! Олардың өзін рецепсіз сатылымға шығармайды. Шылым шегудің денсаулыққа әкелер залалы орасан екені жалпақ жұртқа белгілі. Тұтындың ба, зияны өзгеге емес, өзіңе. Ал дәріні адамдар қажеттілік туындағаннан алады. Жоғарыда айтылған бұйрықтан соң сырқат жандар сауығып кете ме екен? Көмек келді дегенше көпшілігі бақилық болып кететін шығар.