ШҚО-да діни заңбұзушылықтар азайып келеді

273
көрілім

Өңірімізде діни заңбұзушылыққа жол бергендердің саны күрт азайған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Мысалы 2017 жылы – 41, 2018 жылы – 12 факті тіркелген. Олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 499-бабы бойынша жазаға тартылған. Ал биылғы жылдың басынан бастап әлі бірде-бір діни құқықбұзушылық жасаған адам тіркелмеді.

– Біздің теологтар мен ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары түзету мекемелеріндегі сотталғандармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 2019 жылы түрмелерде жалпы саны 1322 адамды қамтыған 386 ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілді. Сондай-ақ теологтар басқа қылмыс жасап сотталғандармен де сөйлеседі. Себебі олар қамауда отырып деструктивті діни ағымдардың құрсауына түсіп кетуі әбден мүмкін, – дейді Ануар Абдуллин.