ШҚО-да екі адам суға кетті

543
көрілім

Алғашқы оқыс оқиғада жүзе алмайтынын ескермеген ер бала суға түскен болса, екінші жағдайда баланың үлкендердің қарауынсыз қалғандығы қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

2 маусым күні сағат 16.45-те Жарма ауданы Қызылағаш ауылындағы Қарасу өзенінде алты жасар бала суға кеткен. Дәл осы күні Семей қаласының іргесіндегі Бобровка кентінде Ертіс өзеніне суға түсуге тыйым салынған жерінде 1998 жылы туған бозбала абайсызда суға батып кеткен.