ШҚО-да екі адамды топырақ үйіндісі басып қалған

275
көрілім

Үйінді астында анасы мен баласы қалып қойған. Абырой болғанда, ауыр жарақат алған ешкім жоқ, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Риддер қаласында орын алды. Анасы мен ұлы үйге жылу жүйесін тарту үшін шұңқыр қазбақ болған. Бірақ тар жерді қазу жұмыстары кезінде үстеріне абайсызда топырақ құлап кеткен. Көміліп қалған сәтте ұлы қолын босатып сырттағыларға көмек шақыртып үлгерген.
– Құтқару операциясы екі сағатқа созылды. Баласы жеңіл жарақат алған. Әйел адам да құтқару кезінде құтқарушылармен сөйлесіп жатты, – дейді ТЖБ қызметкері Сергей Бородин.
Үйінді астынан шығарылғандарды медициналық тексерістен өткізіп, денсаулықтарына еш қауіп жоқ екені анықталды.