ШҚО-да Экология департаментінің басшысы ауысты

291
көрілім

ШҚО Экология департаментінің жаңа басшысы болып Данияр Алиев тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Данияр Алиев 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін эколог мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Оқы уақытқа дейін Павлодар облысында Экология департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.

- Қазіргі уақытта Данияр Алиев ШҚО-ның экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындармен тығыз байланыс орнату мақсатында жұмыс істейді, - деп атап өтті ШҚО Экология департаментінің баспасөз қызметі.

Тиісті мекеме басшылығындағы өзгеріс Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасы Зульфухар Жолдасовтың Өскеменге сапарынан кейін болды.