ШҚО-да елікті атқан аңшының ісі сотта қаралды

338
көрілім

Сот үкімі бойынша Шүлбі су қоймасы маңында жабайы аңды атып алған ер адам бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Қылмыстық іс Бородулиха аудандық сотында қаралды.
Сотта анықталғандай, заңбұзушы өткен жылдың желтоқсан айында Ново Васильевка ауылы маңында түз тағысын аңдып жүріп атып алған. Бірақ аңшыда аң аулауға рұқсат берілген арнайы құжат болмай шықты.
– Қылмыстық құқықбұзушылыққа байланысты аңшы кінәлі деп танылды. Браконьер бір жыл бас бостандығы мен аң аулау құқығынан айырылды, – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Қылмыскердің көлігі мен мылтығы тәркіленіп алынды. Алғашқы сот қорытындысы шағыммен қайта қарауға жіберілгенімен өзгеріссіз қалып, заңды күшіне енген.