ШҚО-да ер адам із-түзсіз жоғалған

296
көрілім

31 жастағы жоғалған өскемендікті іздеуге еріктілер де кірісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Volontery_uka_LIDER.KZ еріктілер ұйымы мүшелерінің айтуынша, өткен жылдың 4-ші желтоқсан күні 1988 жылы туған Түсіпов Раджан Маратұлы Ғарышкерлер көшесіндегі ағасының пәтерінде болған. Туысының үйінен шығып Қасым Қайсенов кентіне бағыт алған ол діттеген жеріне жетпеген.
Азаматтың белгілері: бойы 160-165 см, мығым денелі, қоңыр көзді. Маңдайында тыртығы бар. Жоғалған күні үстіне қара күртке, басына тоқыма бас киім және көк джинсы киген.
Кімде-кім ол туралы мәлімет білетін болса 8-771-466-54-38 ұялы телефонына немесе 102 арнасына қоңырау шалуын өтінеміз.