ШҚО-да ер адам көрші әйелдің итін ұрлаймын деп ұсталды

281
көрілім

Ұрлық фактісі бойынша тәртіп сақшыларына 38 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға жәбірленушінің ауласында орын алған. Ұры әйелдің «Пекинес» тұқымды итін алып кеткен.

Көп кешікпей 31 жастағы ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Кінәсін толық мойындаған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.