ШҚО-да есірткі жарнамасы бар 100-ден астам граффити жойылды

339
көрілім
Шартты фотосурет

Қараша айының 3-і күні ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі таралуын болдырмау мақсатында профилактикалық шарасын өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған шара Жас Отан жастар қанаты мүшелерінің, ШҚТУ студенттерінің, мектеп оқушыларының және Өскемен қаласының полицейлерімен тізе қосып өткізілді. Бүгінде кең таралған есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сату бойынша интернет сайттарды жарнамалайтын граффити суреттерін бояу тәртіп сақшыларының қатаң бақылауына алынған.

- Психотроптық заттарды сатудың байланыссыз схемасы тұрғын үйлердің қабырғаларына және басқа да қоғамдық орындарға есірткі граффити суреттерін салу арқылы олардың жарнамасы мен насихатының дамуына әкелді, - делінген мәліметте.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың 10 айында ШҚО полицейлері есірткі жарнамасы бар 100-ден астам түрлі граффитиді жойды.

Осыған байланысты құқықтық тәртіп сақшылары есірткі жарнамасы бар граффитиді немесе оны салумен айналысатын адамдарды анықтаған кезде 102 жедел арнасына немесе 26-42-76 сенім телефонына хабарлауды сұрайды.

Бұл челлендж Ақмола облысының полицейлеріне берілді.