ШҚО-да әскери қызметкерлер бойжеткенді ажалдан аман алып қалды

415
көрілім

Оқиға 30 шілде күні орын алған. Өзіне-өзі қол жұмсамақ болған қызды әскери қызметкерлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


КамАЗ автокөлігіне мінген шенділер аспалы көпір арқылы кезек ауыстыру кезінде караул бойынша кезекші капитан Елдос Мухамедиев және 5511 әскери бөлімі 1 атқыштар ротасының қарауыл бастығы аға сержант Біржан Ермұхамбетов көпірден секірмек болған қызды байқап қалады.

Елдос Мухамадиев

Біржан Ермұхамбетов


Шалт қимылдаған әскерилер көлікті тез тоқтатып, бойжеткенді ойсыз әрекетінен аман алып қалды. Қызбен тілдесіп оны көпірден секірмеуге көндіріп, қауіпті жерден алыс алып кеткен.
– 2001 жылғы қыз бала ата-анасымен ренжісіп, өзіне-өзі қол салғысы келгендігін айтты. Тәртіп сақшылары оны Семей қаласының ІІО өкілдеріне тапсырған, – деп хабарлады ҚР «Шығыс» ҰҰ баспасөз қызметі.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ