ШҚО-да әскери қызметкерлер құқықбұзушылық тақырыбында жиын өткізді

299
көрілім

Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімінде ішкі парк қызметін ұйымдастыру кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында гарнизондағы әскери бөлімдер, парк қызметкерлері мен лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Конференция барысында әскери автомобиль полициясы бөлімшесінің бастығы, капитан Талғат Замзин қатысып, әскери қызметшілерге парк қызметін ұйымдастыруда заңсыздыққа жол бермеу керектігін ескертті.

Жиын соңында арнайы құрылған комиссияның қатысуымен бақылау техникалық пункті басшыларынан қолданыстағы құжаттар талабына сәйкес сынақтар қабылданып, куәліктер табысталды.