ШҚО-да әскери тергеушілерге дабыл көтерілді

595
көрілім

ҚР Ішкі істер министрлігі Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының жеке құрамы дабыл қағылып, сап түзеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшсі.

Оқу-жаттығу дабылы таңғы сағат 6:00-де көтерілді. Әскерилер санаулы минутта киініп, толық құрамда межелі жерге жиналды. Басқарма бастығы, подполковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков басқарма офицерлерінің жинақылықтарына қатаң назар аударып, қызметтік куәліктері мен дабыл қапшығы болуын тексерді. Барлығы да қызметтік киім кию бұйрығының талаптарына сәйкес жинақы киінген.

– Әрбір әскери қызметші атқаратын лауазымы мен атағына қарамастан Заңнама білімдерінен толықтай хабардар болуы тиіс. Офицерлердің кәсіби дайындық деңгейі жыл сайын артып келеді, – дейді подполковник Қарсыбеков.

Дабыл көтеріліп, жеке құрамды тексеру қорытындысында офицерлердің барлығы үздік деп бағаланды.