ШҚО-да фототұзаққа түсіп қалған аюдың іс-әрекеті желіде таралуда

390
көрілім

Батыс Алтай қорығының қызметкерлері бөлісіп, желіде таратқан видеоның басты кейіпкері қоңыр аю, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Арқасымен ағашқа қасынған қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалған. Бұл аюдың аталығы жақын жерде басқа аюдың бар екенін сезген уақытта істейтін әрекеті. Осы арқылы ол, өзінің күші мен айбарын танытады, – дейді қорықшылар.

Ғаламторда бұл видео айтарлықтай жұрттың қызығушылығын тудырды. Оқырмандар түрлі пікір қалдырып, күлкілерін де жасырмауда.