ШҚО-да футболшы жантүршігерлік жол апатына ұшырап, әкесі мен баласынан айырылды

293
көрілім
Фотосурет Baigenews.kz сайтынан.

"Семей", "Энергетик", "Ақжайық", "Восток" және "Атырау" клубтарының бұрынғы қақпашысы Илья Байтеряков отбасымен жантүршігерлік жол апатына ұшырады. Бұл туралы футбол шолушысы Айдын Қожахмет Telegram-каналында жазған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Семейден сұмдық оқиға естідік. Илья жүргізіп келе жатқан көлік Семей-Өскемен тасжолында аударылған. 35 жастағы футболшының кенже баласы мен әкесі тіл тартпай кеткен. Ильяның өзі мен үлкен ұлы ауыр жағдайда жатыр. Илья комада жатыр. Шешесі мен әйелі де зардап шеккен, олардың жағдайы қалыпты. Алайда сұмдық оқиға кезінде бұлай деп сөйлеудің өзі қате шығар", – делінген хабарламада.

Илья Байтеряков – спорттық мансабында Қазақстанның жоғары лигасында 45 матч өткізген.