ШҚО-да гашиш жеткізушілері ұсталды

267
көрілім

Өңір полицейлері есірткі заттарын жеткізген екі арнаның жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде бірнеше күн ішінде канабиоидты есірткіні әкелу мен сатуды ұйымдастырған 30-45 жас аралығындағы 4 ер адам ұсталып, қамауға алынды.

Олардың екеуінің гашишті Өскеменге, қалған екеуінің Зайсан ауданына жеткізіп отырғаны анықталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде шамамен бес келі гашиш, сондай-ақ есірткіні сатудан түскен қаражаттың үлкен сомасы тәркіленді.

– Барлық күдіктіге қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, олардың іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша сараланады. Оның санкциясымен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.