ШҚО-да «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті

765
көрілім
Фотосурет сайт мұрағатынан

Мамыр айының 26-сы күні Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Халық заңгері» атты жалпы республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуларынша, оның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарда туындаған құқықтық мәселелерді шешуге жәрдемдесу. Акция ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz басылымы және «Параграф» ақпараттық жүйесімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Консультанттар әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, үздік заңгерлер мен адвокаттар болып, азаматтарға өздерін қызықтырған барлық құқықтық мәселелер бойынша толыққанды заң көмегін көрсетті.

- Жалпы алғанда, 100-ден астам адам консультациялық және заң көмегіне жүгініп, барлық сұрақтарға жауап алды. Азаматтардың ең көп сұрақтары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және салық бойынша болды, - делінген мәліметте.

Естеріңізге сала кетейік, егер Сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы білсеңіз, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығының 1424 нөміріне жүгіне аласыз.