ШҚО-да ірі өрт оқиғасы тіркелді

358
көрілім
Фотосурет - ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Шемонаиха ауданында жиһаз жасайтын цех отқа оранды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өрт 2-маусым күні Шемонаиха ауданында орын алған. Жиһаз жасайтын шағын цехтың шатыры отқа оранған. Тілсіз жау жалпы аумағы 500 шаршы метр жерді шарпыған. Қызыл жалыннан жақын маңдағы үйг де қауіп төнген.

– Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың әрі қарай таралуына жол бермеді. Сондай-ақ, цехтан дайын жиһаздар сыртқа алып шығарылды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД басқармасы

Сәтіне қарай, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағандығы себепті шығуы мүмкін деген болжам бар.