ШҚО-да із-түссіз жоғалған әйел іздестірілуде

364
көрілім

Алтай ауданының 34 жастағы тұрғынын бір айдан бері жақындары таппай жүр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Volontery_semey_LIDER.KZ еріктілер тобының хабарлауынша, Алтай ауданындағы Первороссийское ауылының тұрғыны 11 қыркүйектен бері іздестірілуде. Жоғалған Базарбаева Айгүл Иргазиновна 1985 жылы дүниеге келген. ІІІ топтағы мүгедек.

Қандай да бір ақпарат болса, 8-747-359-57-17 нөміріне немесе 102 арнасына қоңырау шалуларын сұрайды.