ШҚО-да із-түзсіз жоғалған әйелді іздеуге тікұшақ жіберілді

414
көрілім

Тарбағатай ауданында іс-түзсіз жоғалып кеткен 44 жастағы әйел адамды 2 аптадан бері іздеу жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 1975 жылғы туған әйел адам белгісіз бағытта кетіп, содан қайтып оралмаған, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

Кеше Ми-171 тікұшағы жерді әуеден бақылау үшін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқан Көкжыра ауылына келді, алайда әлі ешқандай нәтиже жоқ.