ШҚО-да қарттар күніне арналған айлық жалғасуда

331
көрілім

"Nur Otan" партиясының Бородулиха аудандық филиалының төрағасы О.А. Булавкина, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары зейнеткерлер мен еңбек ардагерлерін мерекемен құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мереке қарсаңында ардагерлерді құттықтап ізгі тілектерін білдіріп, оларға қолдау көрсету мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының болып табылатынын атап өтті.

– Қазыналы қарттарға шын жүректен мықты денсаулық, рух сергектігін, жан жылуын, ұзақ өмір тілейміз. "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында Бастауыш партия ұйымдары төрағалары, партия топтарының жетекшілері ардагерлерге атаулы көмек көрсетті. Алдағы уақытта мұндай игі істер жалғасын таппақ, – дейді "Nur Otan" ШҚОФ баспасөз хатшысы Тәттімбек Асханұлы.