ШҚО-да қатты ыстық күтіледі

227
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ, желдің күшеюі, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстанның оңтүстігінде жоғары қысымды алқапта көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжануда.
Күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Павлодар облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.