ШҚО-да қатты жел салдарынан сабақ тоқтатылды

244
көрілім

Бүгін Семей қаласы мен Ұлан, Бесқарағай аудандарында сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Семей қаласында бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптар үшін, Ұлан ауданындағы Жанұзақ ауылында 1-9 сынып, Гагарин, Алмасай ауылдарында 1-4 сынып аралығында сабақ тоқтатылды.

Сонымен қоса Бесқарағай ауданында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, аталған елді мекендерде желдің жылдамдығы секундына 8-10 метрді құрайды.