ШҚО-да қатты жел соғады

319
көрілім

Еліміздің басым бөлігіндегі ауа райына Карск теңіздін аймағынан келетін циклон әсер етеді. Нәтижесінде елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тек Республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, желдің күшеюі 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-шығыста кей жерлерінде 30 м/с жетеді.
Кей жерлерде дауыл, тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейді. Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, жел түнде кей жерлерінде, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел екпіні күндіз 23-28 м/с күшейеді.