ШҚО-да қауіпті вирусқа байланысты Қытаймен шекара бекеттері жабылды

276
көрілім

Облыс басшысы Даниал Ахметов Қытайды жайлап, қазірде Тайланд, Шри-Ланка, Германия елдеріне таралған қауіпті вирус туралы ШҚО-дағы жағдайға тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы ақпарат өңір басшысының Instagram парақшасында пайда болды. Онда облыста қауіпті вирустың таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқандығы жазылды. Мәлім болғандай, штаб құрылды.
Даниал Ахметов ШҚО-ның бір бөлігі Қытаймен шектесетінін атап өтті. Қазіргі уақытта және 2 ақпанға дейін "Майқапшағай" және "Бақты"бекеттерінде шекарадан өтуге тыйым салынады. Сонымен қатар аймақ басшысының айтуынша, адамдар мен тауарлар ағынын қандай бағыт болсын, толық тоқтату мәселесі қарастырылуда.
Облыс әкімінің сөзінше, коронавирустың ел аумағына енуін болдырмау үшін облыста барлық бекеттерде тепловизорлар орнатылды. Бұл құрылғы Семей және Өскемен әуежайларында қолданылады. Жақында ол «Ақтоғай» теміржол стансасында да пайда болмақ. Белгілі болғандай, медициналық мекемелер толықтай әзірлік үстінде. Дәрі-дәрмектер, қорғаныш киімдері, респираторлар, маскалар бар. Екі көлік капсуласы дайындалған.
Аймақ басшысы өңірде вирус жұқтыру жағдайы тіркелмегендігін атап өтті.